Қазақстандық дзюдошы әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды
Фото: kaz_judoteam
Лимада (Перу) дзюдодан жастар арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Байрақты бәсекеде 57 келіде ел намысын қорғаған Дана Әбдірова күміс жүлдеге қол жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Отандасымыз алғашқы айналымда Халықаралық дзюдо федерациясының атынан сынға түскен (IJF) Эльвира Гурьевадан айласын асырды. 1/8 финалда Польша елінің өкілі Коралина Сиенниканы жарыс жолынан шығарды. Ширек финалда жапондық Уено Асуканы, жартылай финалда Андраде Жованы тізек бүктірді.
Ақтық сында тағы бір жапон қызы Мио Ширакамен алтын жүлдені сарапқа салды. Алайда отандысымыз Мио Ширакаға есе жіберіп, күміс жүлдені місе тұтты. Осылайша ел қоржынына алғашқы жүлде түсті.
Фото: kaz_judoteam
Айта кетейік, дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатына 65 елден 463 жас татами шеберлері өз ара мықтыны анықтауда. Айтулы дода 7 қазанға дейін жалғасады.
"Тобыл" "Ордабасыны" жеңіп, үшінші рет Қазақстан кубогының иегері атанды
Еске салайық, бұған дейін Руфат Хабибуллин әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алғанын жазды. Спортшы найза лақтыру бойынша (F64 санаты) 47,14 метр нәтижеге қол жеткізіп, қола медаль иегері атанды. Бұл сында алтын жүлде жергілікті спортшы Сумитке бұйырды. Ол найзаны 71,37 метрге дейін жеткізді. Күміс жүлдені 48,38 метр нәтижемен Колумбия атлеті Томас Филип Сато Мине жеңіп алды.

Данна Қарағұсова кім: Ол ғарышқа ұшу үшін қанша төлейді
