Қазақстандық дзюдошы Абиба Әбужақынова көлік тарту етілді (видео)
Халықаралық аренадағы жетістіктерімен танылған қазақстандық дзюдошы Абиба Әбужақыноваға көлік тарту етілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Еңбегі мен жетістіктері үшін спортшыға Kia автокөлігі сыйға берілді. Дзюдошыға көлікті депутат Айдарбек Қожаназаров тарту етті.
Парижде өткен Олимпиадада Әбужақынова 48 келіге дейінгі салмақта қола медаль үшін күресті. Тартысты өткен кездесуде ол Швеция өкілі Тара Бабулфатпен кездесті. Қазақ дзюдошысы табанды күреске қарамастан қарсыласынан жеңіліп, медальсыз қалды.
Айта кетейік, Әбужақынова 2022 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алып, елге әлем чемпионатының жүлдесін әкелген тұңғыш қазақ дзюдошысы атанды.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен