Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зиян пластик қаптамаларға салық: Қазақстандық депутат ұсынысын сарапшылар қолдамады

Депутат экологияға зин келтіретін қаптамаға салық Фото: pixabay.com

Мәжіліс депутаты Ажар Сағандықова экологияға зиян келтіретін қаптамаларға салық салып, түскен қаржыны қайта өңдеумен айналысатын кәсіпкерлерді қолдауға бағыттауды ұсынды. Бірақ сарапшылар депутаттың бастамасын қолдамады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Мәжілісмен тиісті заңға түзетулер енгізуді ұсынды. Мәселен, қоршаған ортаға зияны көп қаптамалар үшін салық салып,  қоқысты сұрыптау мен қайта өңдеу секторын ынталандыруға бағытталмақ. Демек, тез ыдырайтын қаптама шығаратын кәсіпорындарға субсидия беріліп, көбірек қаржы бөлінеді. 

“Қазір қайда қарасаң да пластик бөтелкелер мен пакеттерді көресің. Егер шұғыл шаралар қабылдамасақ, Қазақстан үлкен қоқыс алаңына айналады. Сондықтан биоыдырайтын қаптамалар шығаруды қолдауымыз керек. Ол қайта өңделмейтін қоқыс көлемін азайтуға ықпал етеді”, – деді Ажар Сағындықова.  

Депутаттың айтуынша, салық қайта өңделмейтін қоқыспен күрестің бір жолы ғана. Сол үшін алдымен ауқымды ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізген абзал. 

Сарапшылар болса, салық салуға үзілді-кесілді қарсы. Өйткені өндіруші шығынын жабу үшін салық сомасын тауар құнына қосады. Сәйкесінше, баға да шарықтап, салмақ халықтың қалтасына түседі екен. 



“Бағасына кеп тіреледі ғой. Мысалы, шыны бөтелкелер сіз айтқандай өзінің бағасы қымбаттау болады. Оларды әрі-бері тасудың өзі кәдімгідей шығынға келтіреді. Сондықтан пластик ол ыңғайлы. Ең бастысы сол, қайта өңдеу зауытын және қоқыс қалдықтарды бөліп-жинау дегенді енгізсе”, – деді "КАЗЭКОЛОГИЯ" ЖШс сынау зертханасының директоры Сұңқар Жолдыбаева. 

Сарапшылар салыққа балама ретінде шетелдік инвесторларды тартуды ұсынды. Айтуларынша солай шығыны аз болады. Ал инвестор қайта өңдеу зауытына салған қаржысын 4-5 жылда-ақ қайтарып алады. 

STAN.KZ
Сенбі, 05 Шілде, 2025 08:06
Талқылау