Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан азаматы букмекерлік кеңсе ұтысын төлемегені үшін Конституциялық сотқа шағымданды

Қазақстандық букмекерлік кеңседе ұтысы төленбеген жағдайда сот арқылы қорғалу құқығын шектеу туралы қаулыны қайта қарауды сұрап Конституциялық сотқа жүгінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ulyanovsk.ldpr.ru

Қазақстандықтың сөзінше, букмекерлік кеңсе оның ірі ұтысына төлем жасаудан бас тартып, ставкалардың күшін жойып, ережелерді бұзды. Нәтижесінде бұл шешімді даулауды ұйғарып, Конституциялық сотқа шағымдандым дейді ол. 



Тексеру жүргізуге Азаматтық кодекстің 914-бабы негіз болған. Онда ойынға немесе бәс тігуге қатысты даулар ұйымдастырушы ойын ережелерін сақтаған жағдайда сот қорғауына жатпайтыны айтылған. Ерекшелік: 913-бапта көрсетілген жағдайлар.

Арыз берушінің пікірінше, бұл норма Конституцияны бұзады. Өйткені ол сот арқылы қорғалу құқығын шектейді. Ол ұтысын төлемегені оны әділ сотта қарау құқығынан айырады деп есептейді.

"Оның ұтысын төлемеуге байланысты сот арқылы қорғалудың конституциялық құқығын сот кодекстің көрсетілген нормасы негізінде бұзды", – делінген ақпаратта.

Жиынға парламент cенаты мен мәжілісінің, Бас прокуратураның, мүдделі министрліктердің өкілдері, жоғары оқу орындары мен институттардың ғылыми сарапшылары қатысты. Іс бойынша баяндамашы судья Мусин Қ.С болды. 

Конституциялық соттың соңғы шешімі соттың ресми сайтында, "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланады.

Айта кетейік, бұған дейін Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде (ББТ) тұрған азаматтар букмекерлік кеңселерге аударылған қаражаттарын қайтарып ала алады деген ақпаратты жоққа шығарған еді. 

Талқылау