Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық боксшылар шаң қаптырды: Сәкен Бибосынов пен Оразбек Асылқұлов әлем чемпиондары атанды

Сәкен Бибосынов пен Оразбек Асылқұлов әлем чемпиондары атандыФото: IBA

Қазақстандық бокшылар Сәкен Бибосынов пен Оразбек Асылқұлов 2025 жылғы Дубайдағы IBA бокстан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Сондай-ақ Абылайхан Жүсіпов Қазақстан қоржынына үшінші алтын медальді салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сәкен Бибосынов IBA нұсқасы бойынша бокстан әлем чемпионы болды. Қазақстандық боксшы 54 кг салмақ дәрежесіндегі финалда Вячеслав Рогозинді жеңді. Екінші раундтың соңында Сәкен ресейлік қарсыласын нокдаунға түсірді.

Сәкен Бибосынов — Токио-2020 Олимпиадасының қола жүлдегері және 2021 жылғы әлем чемпионы. Әуесқой бокстан XXIII әлем чемпионаты Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) қолдауымен 2–13 желтоқсан аралығында Дубай қаласында (БАӘ) өтіп жатыр.

Қазақстандық Оразбек Асылқұлов да Дубайда бокстан әлем чемпионы атанды. 

Финалда 57 кг дейінгі салмақ дәрежесінде ол Тәжікстан өкілі Хусравхон Рахимовты сенімді түрде жеңді. 5:0 есебімен отандасымыз жеңіске жетті.

Айта кетейік, Асылқұлов Өзбекстан өкілдерімен өткен жекпе-жектерде де сәтті өнер көрсетіп, осы үшін оған “өзбек боксшылардың қорқынышы” деген лақап ат берілді. 2023 жылы ол Странджа кубогында Олимпиада чемпионы Абдумалик Халоковты жеңген еді.

Сондай-ақ дәл осы жарыста Абылайхан Жүсіпов Қазақстан қоржынына үшінші алтын медальді салды

Абылайхан Жүсіпов 2025 жылғы Дубайдағы Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ұйымдастыруымен өткен әлем чемпионатында финалдық жекпе-жек өткізді.

71 кг дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда Жүсіпов ресейлік Сергей Колденковпен кездесіп, жекпе-жек төрешілердің бір-бірінен бөлек шешімімен қазақстандықтың жеңісімен аяқталды.

- код для вставки с тг

Айым Болатқызы
Сенбі, 13 Желтоқсан, 2025 21:16