Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Мырзағали Айтжановтың қызына үйленді
Қазақстандық боксшы, әлем чемпионы Махмұд Сабырхан отау құрды. Ол жаттықтырушы Мырзағали Айтжановтың қызымен шаңырақ көтерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ontustik TV телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның таңдауы белгілі қазақстандық жаттықтырушы Мырзағали Айтжановтың қызы болды.
"Құттықтаймыз, боксшы Махмұд Сабырхан үйленді. Мың сұлудың ішінен Назымды таңдады. Ол – Мырзағали ағамыздың тұңғыш қызы. Үйлену тойы керемет болды. Жас жұбайлар бақытты болсын", – делінген хабарламада.
Айта кету керек, Махмұд Сабырхан 2023 жылы әлем чемпионы атанды. Ол Париж Олимпиадасында 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан

