Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық блогердің видеосын Instagram-ның ресми аккаунты жариялады

Дастан МұхамедкаримФото: https://www.instagram.com/bydastann?

Танымал қазақстандық саяхатшы-блогер Дастан Мұхамедрахимның видеосын Instagram-ның ресми парақшасы жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеоны жариялаған ресми парақша жазбасында Қазақстанның кең даласы туралы жазылған.

"Frolicking in the fields of Kazakhstan (Қазақстанның кең даласында еркін серуендеп жүрмін)".

Instagram-ның ресми парақшасының 696 миллион жазылушысы бар. Бұл – еліміздің әсем табиғатын бүкіл әлем көреді деген сөз. Олардың қатарында Цукерберг пен басқа да танымал тұлғалар бар. Қазақстанның ғажайып табиғаты бейнеленген ролик 37.5 миллионнан астам қаралым жинады.

Скриншот

Фото: https://www.instagram.com/bydastann?

Айта кетейік, Дастан Мұхамедрахим — Қазақстанның табиғи сұлулығын әлемге танытып жүрген саяхатшы-блогер. Оның парақшасында Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалы, Алтын-Емел мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, сондай-ақ Алматы облысының көрікті жерлерінен түсірілген бейнежазбалар да бар.

Айнұр Мұхади
Сейсенбі, 04 Қараша, 2025 13:36
Талқылау