Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық банктер базалық мөлшерлеменің өсуіне байланысты депозит бойынша мөлшерлемелерін көтеруде

Фото: depositphotos.com

Қазақстандық банктер базалық мөлшерлеменің өсуіне байланысты депозиттік мөлшерлемелерін көтеруде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Bank RBK баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 қазаннан бастап банктің үш айлық Safe депозиті бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТМС) 19% болып бекітілді. Бұған дейін бұл депозиттің ең жоғарғы мөлшерлемесі 18,3% болған.

Ал Банк ЦентрКредит 2025 жылдың 24 қазанынан бастап жеке тұлғалар үшін ұлттық валютадағы «Рахмет» депозиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін өзгертті, ЖТМС 18,4% болып бекітілді.


Қазақстандық банктер уақытша үзілістен кейін ипотека беруді қайта бастады


Home Credit Bank те 2025 жылдың 22 қазанынан бастап депозиттік сертификаттар бойынша жаңа мөлшерлемелер бекітті. 22 қазаннан бастап көптеген өнімдер бойынша мөлшерлемелер 0,5%-ға көтеріліп, ең жоғарғысы 19%-ға жетті.

Ал 26 қазаннан бастап Қазақстанда XXI ғасырда алғаш рет теңгедегі депозиттер бойынша жылдық тиімді мөлшерлеме 20%-ға жетті. Бұл туралы Freedom Bank хабарлады.

Еске салсақ, 10 қазан күні Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,5%-дан 18%-ға дейін көтерген еді.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 30 Қазан, 2025 22:02
Талқылау