Қазақстандық балуандар Албаниядағы рейтингтік турнирде үш медаль жеңіп алды
Албанияның Тирана қаласында күрес түрлерінен рейтингтік турнирде қазақстандық үш балуан жеңіс тұғырынан көрінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 86 келі салмақта өнер көрсеткен Болат Сақаев күміс медальды олжалады. Ол финалдық белдесуде америкалық Чендлер Марстеллерден ұтылды.
86 келіде тағы бір отандасымыз жүлдеге ілікті. Қола медаль үшін таласта Рустам Мырзағалиев жеңіске жетті.
Сондай-ақ, 61 келі салмақта боз кілемде белдескен Мұхаммед Балғабай да қола жүлде иеленді.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"

