Қазақстандық балуан Исхар Құрбаев Азия чемпионатының финалына шықты
Фото: olympic.kz
Қазақстандық балуан Исхар Құрбаев грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгі жастар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына жолдама алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
16 маусым күні Вьетнамның Бариа-Вунгтау провинциясында 17 және 23 жасқа дейінгі жастар мен жасөспірімдер арасында күрес түрлерінен Азия чемпионаты бастау алған болатын. Байрақты бәсеке 60, 67, 72, 77, 82, 97, 130 келі салмақ дәрежелерінде өтуде. Аталған жарыс 28 маусымға дейін жалғасады.
Дүбірлі додаға Қазақстанның U17, U23 құрамалары да қатысуда. Боз кілемге шыққан балуандар арасында 60 келі салмақта Исхар Құрбаев ақтық сынға жолдама алды. Жартылай финалда отандасымыз Қырғызстан елінің өкілі Құрманбек Жапаровты 9:0 есебімен жеңіп, кездесуді уақытынан бұрын аяқтады. Енді Исхар ақтық белдесуде Өзбекстан спортшысы Мехродж Бахрамовпен алтын жүлдені сарапқа салатын болады. Финалдық белдесулер Астана уақытымен 16:00- де басталады.
Айта кетейік, Исхар Құрбаев бұған дейін 55 келі салмақта жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанған.

Қазақстандық қыз күйеу жігітінен қалыңмал алып, артынша полицейге тұрмысқа шығып кеткен
