Қазақстандық балуан Армениядағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Армения астанасы Ереван күрес түрлерінен әскерилер арасында өтіп жатқан әлем біріншілігінен тағы бір қола жүлде қоржынымызға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Армения астанасы Ереван күрес түрлерінен әскерилер арасындағы әлем біріншілігінде кезекті рет қазақ балуаны жеңіс тұғырына көтерілді. Еркін күрестен 86 келі салмақта сынға түскен Рүстем Мырзағалиев үздік үштіктен көрінді. Отандасымыз ширек финалда ресейлік балуан Арслан Багаевқа есе жібергенімен қола жүлде үшін белдесу мүмкіндігіне ие болды. Рүстем кіші финалда маңғолиялық балуанды 5:4 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық еркін күрес шебері Мейіржан Әшіровтің әскерилер арасында әлем чемпионы атанғанын жазған едік.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан

