Қазақстандық балуан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Қазақстандық балуан Камиль Куруглиев Испанияның Понтеведра қаласында өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Еркін күрестен Испанияда өткен 20 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір жүлде түсті. Камил Куруглиев жастар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанып, үздіктер қатарынан көрінді. 92 келіде белдескен еркін күрес шебері жартылай финалда ресейлік балуаннан ұтылған еді. Дегенмен қола жүлде үшін белдесуде Куруглиев ирандық Амиррезза Далириден 8:5 есебімен басым түсті. Осылайша, Қазақстан қоржыны соңғы жарыс күнінде қола медальмен толықты.
Айта кетейік, бұған дейін еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан екінші рет әлем чемпионы атанғанын жазған едік.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"

