Қазақстандық балабақшалар енді балаларды мектепке дейін оқытуға міндетті
Балабақшалар енді балаларды мектепке дейін оқытуға міндетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Pexels.com
Енді мектепке дейінгі дайындықтан өткен балалар 31 шілдеге дейін балабақшада қала алады. Бұл норманы мәжілісмендер мәдениет және білім беру мәселелері бойынша заң жобасына өзгеріс енгізу аясында мақұлдады. Бұған дейін ата-аналар балалары 6 жасқа толған соң балабақшадан босатылып, оқу жылы басталғанша мектепке де бара алмайтыны туралы шағымданған еді.
Түзету бойынша оқу ағарту министрлігіне мемлекеттік тілде оқытатын бастауыш сынып оқушыларына бейімделу бағдарламаларын әзірлеуге өкілеттік береді. Бұл қазақ тілін жеткілікті меңгермеген балалардың қосымша дайындалуына мүмкіндік береді.
Сондай-ақ заң жобасында мектепке дейінгі ұйымдарды салу үшін бөлінген жер учаскелерін жеке меншікке беруге тыйым салу белгіленген.
Еске салсақ, Қазақстанда балабақшалар 2027 жылдан бастап лицензия бойынша жұмыс істейтіні айтылды.