Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық балабақшалар 2025 жылдан бастап ваучерлік жүйемен қаржыландырылады

2025 жылдан бастап қазақстандық ата-аналар ваучерлік жүйеге сәйкес баласын мемлекеттік немесе жеке балабақшаға беруді өздері таңдайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Рexels.com

Мәжілісмен Қайрат Балабиев үкіметтен балабақшаларды ваучерлік қаржыландырудан бас тартуын талап етті. Оның бұл сұрағына премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова жүйеден бас тарту кеш деп жауап берді.

“Пиоттық жоба басталып, оң нәтиже көрсетті. Таразда іске асқан жобаның нәтижесінде екі айда 600 мың теңге үнемделді. Балабақшаға бармайтын балаларды алып тастап, ең бастысы, екі жастан асқан, осы уақытқа дейін кезекте тұрған 17 мыңнан астам баланың балақшаға орналасуына мүмкіндік берді. Пилоттық жоба қазір Шымкент пен Түркістан облысында жалғасып жатыр. Келесі жылдан бастап оны кезең-кезеңімен барлық өңірлерге енгізуді жоспарлап отырмыз”, – деді Тамара Дүйсенова.

Оның айтуынша, балабақшаларға арналған ваучерлік төлем жүйесінің бірнеше артықшылығы бар:

  • Ата-аналарға балабақшаларды (мемлекеттік немесе жеке) өз бетінше таңдау мүмкіндігі беріледі;
  • Барлық мектепке дейінгі ұйымдар (меншік нысанына қарамастан) заңнамада белгіленген талаптарды сақтай отырып, мемлекеттік тапсырыс алуға өтініш беруге құқылы;
  • Қаржыландыру баланың балабақшаға баруы бойынша жүзеге асырылады, бұл "қаражатты баланың соңынан ілестіру" қағидасы;
  • Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту.

Енді қазақстандақ ата-аналар балабақшаларды өздері таңдап, жергілікті бюджет есебінен берілетін жолдамаларға кезекке тұрады.

“Сондай-ақ 2024 жылы 13 тамызда "Атамекен" ҰКП аясында мектепке дейінгі ұйымдарда ваучерлік жүйені енгізу бойынша пилоттық жоба талқыланды. Кездесуге қатысушылар пилоттық жобаның іске қосылуын қолдады және ваучерлік қаржыландыруға көшу мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру саласындағы мемлекеттік білім беру тапсырысының ашықтығын қамтамасыз ете алады деп келісті”, – деді Тамара Дүйсенова.

Қазіргі Қазақстанда 11642 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді, оның 5532-сі мемлекеттік, 6110-ы жекеменшік. 2 жастан асқан балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 91,5%-ға тең.

Талқылау