Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық азамат жер сілкінісінен кейін хабарсыз кеткен Түркиядағы ағасын іздеуде

Қазақстандық азамат Алмат Құрмашев ағасы Ерболаттың Түркияның оңтүстігіндегі жер сілкінісінен кейін әріптестерімен бірге жоғалып кеткенін айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Іnformburo.kz порталына сілтеме жасап. 

Алматтың ағасы жұмыс бабымен Түркияға кеткен. Жанында досы Әділ мен менеджері Сәбина Мамадиярова болған.

“Олар жұмыс бойынша Хатай қаласына кетті. Қалаға жеткен соң Instagram желісіне салды. Ол жерде жексенбі күні түнгі сағат 11 шамасында жер сілкінісі болды. Келесі күні таңертең байланыс үзілгенін білдім. Содан бері хабарласа алмай отырмын", - деді Алмат Құрмашев.

Кейін Алмат Құрмашев Instagram желісіндегі суретте Сабина Мамадиярованың болмағанын жеткізді. Дегенмен кейін мәліметтерге сәйкес қыздың да Түркияға іс бабымен кеткені нақтыланған.

Алмат Құрмашев елшілік пен консул Темірлан Сайдәуұлына хабарласып, барлық деректерді берген. Бірақ әлі жауап ала алмапты. Елшілік азаматқа күтуін сұраған.

Алмат ағасын өз бетінше іздестіруге кіріскен.

“Мен олардың сұр Hyundai Bayon көлігін жалға алғанын білдім. Instagram желісінде олардың Хатайға тұрақтағаны анықталды. Біз Indi car жалға беретін компанияға хабарластық. Олар бізге көліктің осы қалада екенін растады. Алайда нақты қай жерде екенін көре алмады", - деді азамат. 

Ерболаттың інісі қазір олардың жер сілкінісінен зардап шекпей тек байланыссыз қалуына үміттенуде.

“Бүгін түнгі сағат үште бір топ достарымызбен Анкараға ұшамыз. Біз төрт адамбыз. Ол жақта өзге де достарымыз көмектеспек. Біз өзіміз іздейміз. Себебі мынадайй дүрбелеңде құтқарушылардың жұмысы жетерлік", – деп қосты ол.

Анкарадан кейін Алмат Хатайға бет алмақ. Сөзінше Әділдің телефонына қоңырау барып, кейін үзліп кеткен. Жігіт олардың мекен-жайын анықтауға жергілікті полицейлер мен құзыолы органдардың көмегі қажет екенін айтады.

"Бізге кем дегенде біреуге дәрі-дәрмекпен, азық-түлікпен және жылы киіммен көмектесу үшін қандай да бір қолдау керек. Себебі жер сілкінісі әлі де болып жатыр. Тіпті өзімізге көлікте немесе көшеде түнеуге тура келеді", - деді жігіт. 

Бұл жағдайға ҚР Сыртқы істер министрлігі консулдың бұл жағдайдан хабардар екенін және сәйкесінше жұмыс істеліп жатқанын жеткізді. Әзірге Сыртқы істер министрлігіне бұдан басқа із-түссіз жоғалған немесе қаза тапқан қазақстандықтар туралы ақпарат түспеген.

Талқылау