Қазақстандық азамат өзін ұстай алмай қытайлық бастығын ұрып тастаған
Фото: Жасанды интеллект жасаған
Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында зауыт жұмысшысы өз бастығы Қытай азаматын ұрғаны үшін сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға 2025 жылдың маусым айында болған. Бұл туралы аудандық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Іс материалдарында көрсетілгендей, ер адам бастығына жұмыс уақытының табелін қол қою үшін жақындаған. Алайда бастығы қол қоюдан бас тартып, екеуінің арасында дау туындаған. Сол сәтте жұмысшы ашуланып, бастығын бірнеше рет жұдырықпен бетінен және денесінен ұрған.
Бастық жарақат алып, сотқа жүгінді. Жұмысшыға "дене жарақатын салу" бабы бойынша айып тағылды. Ол кінәсін мойындап, кешірім сұрады және қатаң жазаламауды өтінді.
Алайда басшысы кешірім бермей, моральдық зиян мен сот шығындары үшін 1 миллион теңге талап етті.
“Сот айыпталушының кінәсін мойындағанын және өкініш білдіргенін ескеріп, оған 157 280 теңге (яғни 40 айлық есептік көрсеткіш) айыппұл салды. Сондай-ақ, сот бастығының талабын жартылай қанағаттандырып, жұмысшыны 500 мың теңге көлемінде өтемақы төлеуге міндеттеді”, – делінген хабарламада.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

“Енем басқа дінде болса да, мен үшін мешітке барды”: Үнді жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ қызы өмірі туралы айтып берді
