Қазақстандық ауыратлет Ислам ынтымақтастық ойындарында үш бірдей алтын жүлде жеңіп алды
Фото:ҰОК
Қазақстандық зілтемірші Нұрғиса Әділетұлы VI Ислам ынтымақстастық ойындарында ел қоржынына үш бірдей алтын жүлде салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Нұрғиса Әділетұлы 94 келі салмақта жұлқа көтеру, серпе көтеру, және қоссайыс бойынша сәтті өнер көрсетіп, үш бірдей алтын жүлдеге қол жеткізді.
Ол жұлқа көтеру де 175 келіне еңсеріп, әлем чемпионы ирандық Алиреза Мойениді шаң қаптырды. Нәтижесінде Иран елінің өкілі 183 келі көтеріп, әлем рекордын жаңартуға тырысқанымен онысы сәтсіз аяқталды.
Осылайша Нұрғиса Әділетұлы тұғын биігіне көтерілді. Ал күміс жүлде мысырлық Карим Ибраһим Әли Абокахлаға (206 келі) бұйырса, үздік үштікті Мойени (203 келі) түйіндеді.
Айта кетейік, Нұрғиса Әділетұлы 2022 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Бұған қоса 2024 жылы Манамада өткен әлем чемпионатында топ жарып, алтын медальға ие болған.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

