Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ауыр атлеттер жалпыкомандалық есепте үздік үштіктен көрінді

Қазақстан ауыр атлетика құрамасы Бахрейнде өткен әлем чемпионатында жалпыкомандалық есепте үздік үштіктен көрінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: instagram.com/qaz_team_official

Бахрейн астанасы Манамада өткен ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстандық спортшылар бұл әлем чемпионатында 2 алтын және 1 күміс жүлде жеңіп алды. Бұл жарыста араға 10 жыл салып, 96 келіге дейінгі салмақта Нұрғиса Әділетұлы чемпион атанса, Артем Антропов араға 9 жыл салып, 102 келіге дейінгі санатта топ жарды. Ал Алексей Чуркин күміс медаль (81 келіге дейін) иеленді. Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша құрамамыз жалпыкомандалық есепте үздік үштікті түйіндеді. Қытай спортшылары 4 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль иеленіп, 2-орынға жайғасса, Солтүстік Корея спортшылары 9 алтын, 5 күміс, 2 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте көш бастады. 

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы араға бірнеше салып, қайтадан үздіктер қатарынан көрініп отыр. 

Даурен Түлкібай
Сейсенбі, 17 Желтоқсан, 2024 11:53