Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық жас ауыр атлет Испанияда өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс жүлде жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК

19 қыркүйекте Испанияның Леон қаласында ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем біріншілігі басталды. Қазақстандық ауыр атлет Ерасыл Сәулебеков 81 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп, күміс жүлдеге қол жеткізді. Отандасымыз қоссайыс қорытындысы бойынша 344 келіні (154+190) бағындырып, алтынға сынық сүйем қалғанда тоқтады. 

Айта кетейік, бұған дейін Ерасыл 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында екі дүркін әлем чемпионы атанған. 

Талқылау