Қазақстандық әншілер Junior Eurovision-2021 байқауында сегізінші орын алды (видео)
Парижде Junior Eurovision-2021 байқауының жеңімпаздары анықталды. Қазақстан атынан өнер көрсеткен Әлинұр Хамзин мен Бекнұр Жәнібекұлы сегізінші орынды иеленді. Ал бас жүлде армениялық жас әнші Маленаға бұйырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

14 жастағы армениялық әнші 224 ұпаймен қарсыластарынан озып шықты. Ал екінші орынға польшалық Сара Джеймс жайғасты. Ол 218 ұпай жинаған. Францияляқ Энзо 187 ұпаймен үшінші орынды жеңіп алды. Ал отандастарымыз - 11 жастағы Әлинұр Хамзин мен 9 жасар Бекнұр Жәнібекұлы 121 ұпаймен сегізінші орынды қанағат тұтты. Олар байқауда композитор, әнші Нұрболат Қанайдың "Ертегі әлемі" әнін орындады. Барлығы 19 елден келген әншілер қатысты.
Айта кетйік, көршілес Ресей елінің әншісі жетінші орынды иеленді. Сондай-ақ, үздік ондыққа Украина, Грузия, Әзірбайжан, Солтүстік Македония және Италия елдері кірді.
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді
Сәуір айында болатын өзгерістерге шолу жасадық
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті