Қазақстандық альпинист әлемдегі ең биік 7 жанартауды бағындырып, соңғы шыңға еліміздің туын тікті

Қазақстандық альпинист әлемдегі ең биік 7 жанартауды бағындырып, соңғы шыңға Қазақстанның туын тікті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Альпинист және саяхатшы Ғалымжан Құспанов әлемнің барлық континенттеріндегі ең биік жанартауларға шығуды көздейтін “7 Вулкан” халықаралық жобасын аяқтаған алғашқы этникалық қазақ және әлемдегі 67-ші адам атанды.
Құспанов жер шарындағы ең биік жеті жанартау: Сидлей (4285 м, Антарктида), Охос-дель-Саладо (6893 м, Оңтүстік Америка), Гелуве (4368 м, Австралия), Килиманджаро (5895 м, Африка), Эльбрус (5642 м, Еуропа), Демавенд (5609 м, Азия) және Орисабаны (5636 м, Солтүстік Америка) бағындырған.
Соңғы шың Мексикадағы Орисаба вулканы (5636 метр) болды, шыңды бағындырған Құспанов дауылды жел мен қолайсыз ауа райына қарамастан Қазақстанның мемлекеттік туын тікті.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"