Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы педофилдер көп кездесетін аймақтар анықталды

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты сексуалдық қылмыстар Астанада және Алматы, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында көбейгендігін хабарлады.

613813056_8842595

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

«Кәмелеттік жасқа толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстармен күрес комитетінің мәліметтері бойынша, 2016 жылдың 8 айында 232 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Аталмыш көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда, 12,5 пайызға аз. 2015 жылы 8 ай ішінде 265 оқиға тіркелген. Облыстар бойынша қарайтын болсақ, Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты сексуалдық зорлық-зомбылық оқиғалары көп тіркелген.

Былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, мұндай фактілер Астанада және Алматы, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында көбейе түскен», – делінген комитеттің  агенттіктің ресми сауалына берген жауабында.

Ведомство атап өткеніндей, кәмелеттік жасқа толмағандарға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсеткендерге қатысты химиялық кастрация жасау мәселесіне келетін болсақ, аталмыш норма «Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кейбір заңнамаларға өзгерістер мен түзетулер енгізу туралы заң» бойынша 2018 жылы 1 қаңтарда заңдық күшіне енеді.

Сонымен қатар елімізде ағымдағы жылдың басынан бері кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдарды есепке алу және олар туралы мәліметтерді жариялау енгізілді.

Бұл мәліметтер Комитеттің порталында қылмыскерлер туралы деректер (фото, Т.А.Ә., туған күні, тұрғылықты мекен-жайы және соттылығы туралы мәліметтер) көрсетілетін электрондық карта түріндегі «Геоақпараттық жүйелер» бөлімінде қолжетімді. Осы ақпарат сізге өзіңізді және балаларыңызды ықтимал қауіптен қорғауға көмектеседі.

Жіберіп алмаңыз:

Америкалық қыз 15 жыл өткен соң өзін зорлаған педофилден кек алды

Педофилдерді “піштіру” жазасы 2018 жылдан бастап қолданылатын болды

Қазақстанда педофилдерге өлім жазасын кесуді сұрап миллионнан аса қол жиналды

72 жастағы педофил 9 жасар қызды ауладан пәтеріне алдап апарып зорлаған (видео)

Талқылау