Қазақстандағы ең сымбатты күйеужігіт үйлену тойындағы суретін көрсетті
Еліміздегі ең сымбатты жігіттердің бірі Димаш Әділет бойдақтықпен қош айтысқан ба? Димаштың үйлену тойда түскен суретін көрген бір топ арулар бұл сұрақтың жауабын таба алмай, бас қатырды. Бүгінде желіде миллионға жуық оқырманы бар Димаштың фанаттарында енді маза жоқ.
Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
“Димаш, расымен де үйлендің бе?” “Жүрегімді ауыртпашы”, “Кезінде сенімен талай кездесуге бардым. Маған үйленетін шығар деп ойлап едім. Өкінішті. Әлі де болса екінші әйел алу ойыңда болса, маған хабарлас”, – жүрегі жараланған бұрымдылар дәл осылай деп Димашқа сансыз хаттар жолдап әлек.
Алайда талайға арман болған актер жігіт көптің көкейіндегі сұраққа сол күйі жауап бермеді.
Айта кетейік, Димаш Әділет аталған жазбасын 1 сәуір, алдау күнінде қалдырған. Сондықтан да желі оқырмандары сері жігіттің аталған посты қалжың болуы мүмкін деп те болжады.
Еске сала кетейік, Димаш Әділет Қазақстандағы ең танымал сүрбойдақтардың бірі. 1992 жылы туған жігіт желідегі белсенділігінің арқасында танылған.
Валентина Дүрүмбетова мен Әділет Қожабергеновтің ұлдары Димаш 11 жасында Швейцарияға кетіп, қазірге дейін сонда тұрып жатыр. Ол Instagram желісінде қымбат киімдердің, сағаттың және сәнді көліктердің рөлінде отырған суреттерін жүктейді. Сәнді түр-әлпеті – оның басты артықшылығы.
2016 жылы Димаш Әділет IQ тестін жоғары нәтижемен тапсырып, әлемдегі ең ақылды адамдардың қатарына қосылды. Ол – Қазақстан тумасы, Гарвард университетінің түлегі. Сонымен қоса, дүниедегі IQ ең жоғары адамдардан құралған халықаралық Mensa International ұйымының мүшесі.
Жіберіп алмаңыз:
Аишаны тани алмайсың: Бүркіт жұбайының бояусыз түрін көрсетті (видео)
Сәкен Майғазиев Елбасыға ұқсайтын қасиетін атап, жұртты күлдірді
“Арман” киносының анайы тілі жаншошырлық: Журналист Қайрат Нұртастың киносын сынға алды