Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы ең сәнді киінетін танымал адамдар анықталды (фото, видео)

Астана қаласының туған күні қарсаңында Бейбітшілік пен бітім сарайында ELLE Style Awards Kazakhstan өзінің жүлделерін жұлдыздарға табыстады. Мұндай шара елімізде алғаш рет өтіп отыр.

5

Фото: instagram.com/aliokapov/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

ELLE STYLE AWARDS – сән мен стиль саласында ерен еңбегімен көзге түскен, жыл сайын өткізілетін марапаттау рәсімі. Ұйымдастырушы ELLE Fashion журналы – сән мен сымбат, денсаулық туралы мақалаларды қамтыған әлемдегі ең танымал журнал. Ол 70 жылдан бері әлемнің 46 мемлекетінде шығарылып келеді.

Естелік сыйлықтар иегерлері алдын ала дауыс беру арқылы анықталған.

3

“Жаңа есім мен сән” номинациясының жеңімпазы – Әсел Нүсіпқожанова

Әсел Нүсіпқожанова – Institute Marangoni дизайн факультетінің түлегі, сәнгер. Mestiere атты алғашқы топтамасының арқасында танымалдылыққа қол жеткізген. Ал өзі шығаратын киімдер бренді “Assel” деп аталады.

меурерт ибрагим

“Жаңа есім/мәдениет” аталымының жеңімпазы – Меруерт Ибрагим

Ол – Buro24/7 журналының қазақстандық нұсқасын жасаушы, fashion ортада есімі кеңінен танымал блогер, ақсүйек ханым.

image

“Сәнгер – тұрақты табыс” аталымының жеңімпазы – Айнұр Тұрысбек

Ол – сән әлемінде жолы болған сәнгер. Оның киімдерін қазақстандықтар ғана емес, шетелдік сәнқойлар да ерекше жақсы көреді. Ал ең бастысы, Айнұр үш баланың анасы.

корлан мади

“Сәнбике” аталымының жеңімпазы – Қорлан Мәди.

Fendi, Bvlgari, Cinzia Araia, Gabriele Fiorucci сән үйлерімен бірігіп жұмыс жасаған перспективалық сәнбике. Италияда түсіріліп жатқан кинотуындылардың біріне атсалысуда.

данияр сарсеев

“Fashion-фотограф” аталымының жеңімпазы – Данияр Сарсеев

Ол – жас болса да, сапалы жұмысымен көптің көңілінен шыға білген fashion-фотограф. Оның жұмыстары әлемнің ең танымал журналдарында жарияланған.

3

“Кино мен театр актрисасы” аталымының жеңімпазы – Айсұлу Әзімбаева

Айсұлу табысты да танымал актриса. Өзінің мансап жолын “Әсел және оның достары” телехикаясынан бастаған. Көптеген жобаға қатысып, соның ішінде “Жұлдыздармен би”, “Ашына” сындыларынан кейін ерекше таныла бастады.

1

“Театр мен кино актері” аталымының жеңімпазы – Санжар Мәдиев.

Көп сұранысқа ие әрі жас актер. 2009 жылы алғаш рет фильмге түсіп, жуырда шетелде тәжірибе жинап қайтты. Осы күнге дейін 4 шетелдік фильмге түсіп үлгерген.

13573565_1804184156478061_551207744_n

“Show-woman” аталымының жеңімпазы – Баян Есентаева

Shine production компаниясының басшысы, актриса, әнші, тележүргізуші және продюсер. Қазақстанның танымал әйелдері рейтингінде ойып тұрып алған орны бар. Екі мәрте “Халық сүйіктісі” атағын алған.

10387862_608575665964991_1231746330_n

Ал “Show-man” аталымының жеңімпазы – Тұрсынбек Қабатов. Танымал шоумен әрі тележүргізуші.

Друзья, ещё раз спасибо за Ваши голоса и поддержку! #премияelle

Видео опубликовано 87021665949 [email protected] (@dinarasatzhan)

“Әйел тележүргізуші” аталымының жеңімпазы – Динара Сатжан

Қоғам қайраткері, тележүргізуші әрі бизнес-вумен.

2

“Ер тележүргізуші” аталымының жеңімпазы – Тәуекел Мүслім

Ол актер, тележүргізуші әрі продюсер. Модель ретінде бағын сынап, екі бейнебаян түсіріп үлгерген. Әрдайым Қазақстанның сымбатты 10 сүрбойдағының тізімінен түспейді.

1

“Спортшы ару” – Зарина Дияс

Қазақстандық кәсіби теннисші. ITF бес турнирінің жеңімпазы. Бүгінгі таңда Зарина Дияс WTA рейтингісінің 163-інші орнына жайғасқан.

2

“Спортшы жігіт” – Генадий Головкин

Есімі барша әлемге танылған қазақстандық боксшы. Кәсіби және әуесқой бокстан әлем чемпионы. Өзінің шаршы алаңдағы тактикаларының арқасында көптің көзайымына айналып үлгерген. The Ring басылымының хабарлауынша, ол салмақ дәрежесіне қарамастан әлемнің ең үздік үш боксшысының бірі атанған.

1

“Әнші ару” – Диана Шарапова

“Негры” тобының солисі әрі талантты вокалшы. 2011 жылы “Жас толқын” байқауына қатысып, 2014 жылы “Дауыс” телебағдарламасының жеңімпазы болды.

5

“Әнші жігіт” – Әли Оқапов

Көптеген отандық әрі халықаралық байқаулардың жеңімпазы. Әнші, биші әрі еліміздің жоғары сұранысқа ие сүрбойдағы.

4

“Өмір стилі” аталымының жеңімпазы – Дәуіт Шайхисламов пен Дана Орманбаева

“Наша Казаша” жобасының құрушысы Дәуіт Шайхисламов пен белгілі журналист Дана Орманбаева бүгінде төрт бала тәрбиелеп отыр.

7

“Радио жүргізушісі” – Нұрберген Махамбетов

Ол x- factor kz жобасының тұрақты әділ қазы мүшесі, журналист, продюсер, жүргізуші. Жалғыз өзі ne.fm интернет радиосын құрған.

8

“Boys Band” – Rin’Go

Аталған топ 2008 жылы “Жас толқын” байқауына қатысып, төртінші орынды иемденген болатын. Мұнымен қатар, Алла Пугачевадан ақшалай сыйлық алып, көрермен көзайымына айналған-ды.

😘😘😘 #кешью #кешyou #keshyou #астана #премия #ESA #ellekazakhstan #ellestyleawards2016

Видео опубликовано #КешYOU тобы (@keshyou_official)

“Girls Band” – KeshYou

10 жылдан бері тыңдармандарын хит әндерімен қуантып келе жатқан қыздар тобы.


Жіберіп алмаңыздар:

Gakku арнасы қазақ эстрадасының ең үздік әншілеріне естелік сыйлықтарын табыстады

Әншілер сүйіктілеріне берген алғашқы әрі қазір ерсі көрінетін сыйлықтары жайлы айтты

Қазақ эстрада әншілері той мен сахнаны шатастырған әріптестерін сынады

Қызылордада Батырхан Шүкеновті еске алу кеші өтті (фото)

Талқылау