Қызылордада Батырхан Шүкеновті еске алу кеші өтті (фото)
Танымал әнші, сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Батырхан Камалұлы Шүкеновті еске алуға арналған кештер, түрлі шаралар республикамыздың жер-жерлерінде ұйымдастырылуда. Сыр елінің жастары да өнерге деген сүйіспеншілігін, жерлестері Батырхан Шүкеновті жадында сақтайтындықтарын паш етіп, еске алу кешін өткізді.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Аталмыш шараға әншіні еске алып, естеліктерін айтуға, жақсы сөздерін арнап, оның рухына Құран бағыштау мақсатында жиналғандар саны аз болмады. Шарада әншінің өмірі мен өнер жолына арналған арнайы бейнебаян көрсетіліп, жас суретшілердің көрмесі ұйымдастырылды.
Жас суретшілер көрмесіне қатысып, туындысын ұсынған жастардың үздігі анықталып, марапатталды. Оларға арнайы диплом, алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Сонымен қатар, әннен шашу шашылып, арнайы арнау орындалды.
Шара соңында қатысушы жастар мешітке барып, марқұмның рухына Құран бағыштады. Бұған дейін Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған «Отан-Ана» байқауы өткені туралы жазған едік.





Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"
"Түрлі тағам пісіремін, өкшелі аяқкиім киіп, саяхаттаймын": Желіде боянғанын көрсеткен 90 жастағы қазақстандық әже жұртты сүйсіндірді
Күнсара әже: "10-15 күн сайын моншаға барып, көп кітап оқып, әдемі жүргенді ұнатамын”