Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы жаяу жүргіншілерге ең қолайсыз қалалар аталды

Урбанистер Алматы, Астана және Шымкентті жаяу жүргіншілерге ең қолайсыз қалалар деп таныды. Сарапшылардың айтуынша, қалаларда көбіне жағдай жаяу жүргіншілерге емес, автокөліктерге жасалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: сюжет кадрларынан 

Деректерге сүйенсек, бұл қалаларда көбіне тротуарлар жоқ. Болған жағдайда жанармай құю бекеті мен супермаркет аумағында. Бұл балалармен арбамен жүргенде кедергі жасайды. Ал көліктер де тротуарларға қойылады.

Сарапшылар жаяу жүргіншілер инфрақұрылымының тиімділігіне бірнеше факторлардың әсер ететінін айтты.

“Егер тарихи негізі бар ескі қалаларымызды салыстырсақ, Алматы мен Қарағандыда ескі қала құрылысы бар. Мұнда шағын кеңістіктер, шағын кварталдар, объектілердің адами ауқымы арасындағы инфрақұрылым жасалған. Ал Астанамен салыстырсақ, онда ғимараттар мен нысандар арасындағы үлкен қашықтық бар”, – деді сәулетші, “Урбанистика орталығы" ЖМ техникалық директоры Алексей Волошин.

Көп жылдық тәжірибесі бар құрылысшы Николай Исаев кәсіптің де жаяу жүргіншілер үшін кедергі екенін алға тартты. Айтуынша, түрлі жарнама тақтайшасы мен дүкендер жаяу жүргіншілердің ыңғайы мен қауіпсіздігін бұзады.



“Бірінші қабаттағы пәтердің құрылыс жоспары өзгертіліп жатады. Оның алдынан дүкен жасайды. Салдарынан дүкен аумағы үлкейтіліп, тротуар тарылып қалады. Сонымен қатар жасыл аймақтағы ағаштар кесіліп, орнына автотұрақ жасалады”, – деді Қазақстанның құрметті құрылысшысы Николай Исаев. 

Сарапшылар қалалық ортаны жоспарлау кезінде көбіне адамның ыңғайына қарағанда автомобильдерге басымдық берілетінін атап өтті. 

Талқылау