Қазақстанда жүргізушілердің орташа жылдамдығы қай автокөлік жолдарында есептеледі
7 жолға автоматты жүйе арқылы орташа жылдамдықты реттеу жүйесі енгізіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: "ҚазАвтоЖол"
"ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметінің мәліметінше, Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында қозғалыстың орташа жылдамдығын бақылайтын автоматтандырылған кешен енгізілді.
Орташа жылдамдықты асырғандарға айыппұл: Қазақстандық жүргізушілер жүйені алдаудың жолдарын бөлісті
Орташа жылдамдық бақыланатын учаскелер:
1. Астана-Щучинск (жылдамдыққа шектеу 140 км/сағ);
2. Астана-Павлодар (жылдамдыққа шектеу 140 км/сағ);
3. Шымкент-Қызылорда (жылдамдыққа шектеу 110 км/сағ);
4. Шымкент-Тараз (жылдамдыққа шектеу 110 км/сағ);
5. Павлодар-Семей-Қалбатау (жылдамдыққа шектеу 100-110 км/сағ);
6. Орал-РФ шекарасы (Саратов) (жылдамдыққа шектеу 100 км/сағ);
7. Павлодар-РФ шекарасы (Омбы) (жылдамдыққа шектеу 100-110 км/сағ).
"Қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында және айыппұлдардың алдын алу үшін жылдамдық режимін сақтаңыздар", — делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін 4 желтоқсаннан бастап көлік жүргізушілеріне орташа жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл салатын заң күшіне енгені туралы жазған едік.