Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы шетел студенттері саны рекордтық көрсеткішке жетті

Getty Images/TuiPhotoengineer

Өткен жылы Қазақстандағы шетел студенттерінің саны 31 500-ге жеткен, бұл рекордтық көрсеткіш болып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The PIE News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Орталық Азия бағыты 2028 жылға қарай шетелден 100 мың студент тартуды көздеп отыр.

"Біз "Қазақстанда оқу" атты жаңа науқан бастадық... Бұл таланттарды тартып, беделін арттырады: әзірге жақсы жүріп жатыр", – деді Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек The PIE News-ке берген сұхбатында.

Министр Қазақстанға Азиядан келетін студенттер саны алғаш рет ТМД елдерінен келетін студенттер санынан асып түскенін атап өтті. Ең көп білім алушылар Үндістан, Ресей және Қытай елдерінен келген. 

3 мыңнан астам ресейлік студент ағыны Қазақстаннан Ресейге дәстүрлі студенттер ағынының өзгергенін көрсетеді. Өйткені Ресей-Украина соғысы Еуразияның халықаралық білім беру ландшафын өзгертіп отыр.

"Тарихи тұрғыдан алғанда, Ресей мен Украина академиялық ұтқырлықтың орталығы болған, алайда Украина одан шығып қалды, Ресей екі жыл бұрын Болон процесінен шығып кеткендіктен, аймақтағы көптеген студент қазір балама іздеуде", - деді Нұрбек еуропалық жоғары білім туралы үкіметаралық келісімге сілтеме жасап.

Қазақстанның интернационалдандыру стратегиясының негізгі бағыттарының бірі шетелдік университеттерден инвестиция тарту болып отыр: соңғы үш жылда 40-қа жуық TNE серіктестігі, оның ішінде бес филиалы құрылған.

"Біз екі миллиард адамның жартысынан астамы 25 жасқа толмаған Үлкен Еуразия аймағын қамтуға тырысып жатырмыз", - деді Нұрбек. 

Нұрбек "асыл тастар арасындағы маржан" деп атаған соңғы серіктестік Назарбаев университетінің ғылыми-зерттеу әлеуетін және магистратураны дамыту, сонымен қатар университетте жұмыс істеуге профессор-оқытушылар құрамын тарту мақсатында Колорадо тау ісі мектебі мен Назарбаев Университеті арасында құрылған.

Қазақстанда бөлімшелерін ашқан оқу орындарының қатарында Ұлыбританияның Кардифф университеті, Ковентри университеті және Де Монфорт университеті, Вусонг университеті және Оңтүстік Кореяның алғашқы мемлекеттік зерттеу университеті KAIST бар.

Нұрбектің айтуынша, Қазақстанның транзиттік энергетикалық әлеуетті дамыту жөніндегі стратегиясы мемлекет тарапынан қолдау тауып отыр: университеттер кампустар салуға арналған жерді тегін алады.

"Біз академиялық серіктестерімізді стратегиялық инвесторлар ретінде қарастырамыз, сондықтан оларға бірдей салық жеңілдіктері беріледі. Біз оларды кем дегенде бес жылдан 10 жылға дейін қаржылық жағынан қолдаймыз", – деді ол.

Айнұр Мұхади
Жұма, 23 Мамыр, 2025 12:19