Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы мектеп медбикелері енді оқушылардың тамақтану сапасын қадағалайды

мектеп асхана cgonpotrebnadzor.ru

Фото: Freepik.com

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қазақстанда мектеп медбикелері оқушыларға дайындалатын тамақтың сапасын бақылайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Аталған міндетті медбикелер жаңа оқу жылының басынан бастап күн сайын орындайды.

"Бұған дейін олар бұл жұмысқа тартылмаған еді, мектептегі тамақтануды бақылау жауапкершілігі болмады. Бұл – жақсы шара, себебі маман бақылап отырады", – деді Бейсембаев үкімет кулуарында.

Сондай-ақ биылғы 1 қыркүйектен бастап мектептерде жаңа тамақтану стандарты енгізіледі. Онда көкөністер, жемістер мен сүт өнімдерінің көлемін арттыру қарастырылған. Стандарт бойынша тағамдағы қант мөлшері үш жарым есе, ал тұз мөлшері бес есе азаяды.

"Алғаш рет "Жемей тастау индексі" деген ұғым енгізілді. Бұл балалардың тамаққа қанағаттану деңгейін анықтап, соған сәйкес мектептегі тамақтану жүйесінің тиімділігін бағалау үшін қажет", – деп нақтылады денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

Стандартта шағын жинақты мектептерде, буфеттерде және арнайы диеталық қажеттіліктері бар балалардың тамақтануын ұйымдастыру талаптары да қамтылған.


Медбикелер де науқастарды қабылдай алады: Енді емханаларда тек медбике болатын жеке кабинеттер ашылады


"Тұрып қалған котлетті қайта қуырады": Алматыдағы мектептердің бірі бірінші ауысымнан қалған тамақты балаларға беріп келген


Еске салайық, бұған дейін 1 қыркүйектен бастап Қазақстан мектептерінде қант пен тұз тұтыну азаятынын жаздық. Тамақтанудың жаңа стандарты дұрыс тамақтануға бағытталған. Атап айтқанда семіздік, қант диабеті, жүрек-қан тамырлары және басқа аурулардың даму қаупін азайту мақсатында қантты 3,6 есе, тұзды 5 есеге дейін азайтуды көздейді.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 13 Тамыз, 2025 10:01
Талқылау
`