Щучинсктегі әскери колледжде 66 курсант қызылшамен ауырып қалды

Щучинск қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжде кадеттер арасында жаппай қызылша ауруын жұқтыру жағдайлары тіркелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Колледж басшылығының мәліметінше, жұқпалы аурудың белгілері оқушылар демалыстан оралғаннан кейін анықталған. Қазір 66 кадет ауруханада дәрігерлердің бақылауында жатқаны белгілі болды.
“Екі науқаста ауру асқынумен өтуде. Науқастарға мамандандырылған медициналық көмек көрсетіліп жатыр, олардың жағдайы тұрақты, оң өзгеріс байқалады. Байланыста болған тұлғалар оқшауланды”, – делінген хабарламада.
"Күн сайын шамамен 25 жағдай": Қазақстанда қызылша ауруы өршіді
Оқиғадан кейін колледжде карантин енгізілген.
“Инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында оқу орнында карантин жарияланды. Қосымша медициналық және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау шаралары ұйымдастырылып, жеке құрамның денсаулық жағдайына мониторинг күшейтілді”, – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Үндістанда маймыл шешегінің жаңа қауіпті штаммы анықталғаны туралы жазған едік. Артынша Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі "емі мен вакцина жоқ" Нипах вирусына қатысты мәлімдеме жасады.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”