Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы қаржылық кейс жетекші әлемдік басылымдардың назарын аударды

Қазақстандық қаржы-технология шешімдері Еуропа мен АҚШ-тың жетекші іскерлік медиаларының күн тәртібіне енді. 700-ден астам халықаралық БАҚ пен жаңалықтар агрегаторлары, олардың ішінде: Reuters, Associated Press, Yahoo Finance, Investing, Funds Europe, Morningstar, Dynamique Entrepreneuriale Freedom Bank-тың озық кейстері туралы жазды.

Шетелдік журналистер банктің бірнеше цифрлық өнімдеріне, әсіресе Freedom инвестициялық валютасына назарларын аударды. Бұл дегеніміз – сауда жасаған кезде Freedom Holding Corp. компаниясының акцияларына байланған ETN түрінде аударымдар мен төлемдер үшін сыйақы есептелетін кешбэк түрі (Nasdaq-та листингтен өткен, FRHC тикері). Банктің ETN-ге иелік ететін әр клиенті бағалы қағаздың құны биржада өскен кезде пайда көре алады. Осылайша, басылымдардың деректеріне сәйкес валюта іске қосылған сәттен бастап FRHC акциясының құны кемінде екі есеге өсті.

Авторлардың айтуынша, бұл құрал күнделікті банктік өнімдер арқылы қаражатты саналы түрде басқару мәдениетін қалыптастыра отырып, қаражатты жинауға және қор биржасымен танысуға ынталандырады.

Freedom Bank мәліметтеріне сәйкес, бұдан бұрын Грузия мен Жапонияның ірі банктері инвестициялық валютаға қатысты өз қызығушылығын білдірген және оны қаржы саласы үшін бірегей шешім ретінде бағалады. Олардың пікірінше, бұл құрал банктердің өзіндік бизнес-үлгілерімен біріктірілуі мүмкін. Сондықтан Freedom Bank болашақта концепцияны масштабтауды және оны халықаралық нарықтарда ұсынуды жоспарлап отыр.

Freedom Bank директорлар кеңесінің мүшесі Айдос Жұмағұлов былай деп айрықша атап өтті.

"Серіктестер ниеттестік бағдарламасы концепциясының бірегейлігін және клиенттердің қызығушылығын атап өтті. Бұл жерде бірден бірнеше артықшылықтарды айта кетейін: біріншісі қаражатты жинай алу, одан кейін қор биржасымен танысу мүмкіндігі және күрделі интерфейстердің жоқтығы. Сонымен қатар банк, лайфстайл, сақтандыру және мемлекеттік сервистерді ортақ цифрлық кеңістікте біріктіретін Freedom SuperApp-тың экожүйелік үлгісі жоғары бағаға қол жеткізді", – деді Жұмағұлов.

Мақалалардың басқа блогы кәсіпкерлерге арналған сервистерге ЖИ-ді енгізуге арналды. Freedom Business-тегі AI-ассистент банктік операцияларды автоматтандырды. Енді жалақыны дауыстап есептеуге, қаражатты аударуға, депозиттерді басқаруға болады. БАҚ деректері бойынша, көмекші қолмен жасалатын жұмыстарды қысқарта отырып және уақытты тиімді пайдалана отырып, 140-қа жуық команданы орындай алады.

Шетелдік медианың жазуынша, банк жасанды интеллектті (AI) комплаенс-процедураларда қолданады. Жүйе транзакцияларды талдап, деректерді салыстырады және шектеулерді айналып өту әрекеттерін болдырмайтын аномалды үлгілерді анықтайды.

Жалпы айтқанда, шетелдік журналистер Freedom Bank-тің цифрлық стратегиясы мен экожүйелік тәсілі Қазақстанның қаржы нарығына жаңа стандарттар әкелетінін ерекше атап көрсетеді.

Айнұр Мұхади
Сәрсенбі, 11 Наурыз, 2026 10:00