Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 55 731 теңгеге өсті
Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 55 731 теңгеге дейін өсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Бюроның мәлімдеуінше, жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі шілде айында 51 730 теңгеден тамыз айында 55 731 теңгеге дейін өсті.
"Тамыз айында ең төменгі күнкөріс деңгейі бойынша көшбасшылар үштігіне Маңғыстау облысы, Алматы, Астана қалалары кіреді. Маңғыстау облысынад көрсеткіш 68 687 тг, Алматыда 60 595 тг және Астанада 59 851 тг. Аутсайдерлер қатарында Түркістан (48 067 тг), Қызылорда (49 566 тг) және Жамбыл облыстары (51 453 тг) бар”, – делінген ақпаратта.
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,25% деңгейінде қалдырды
Жыныстық бөліністе ер адамдардың ең төменгі күнкөріс деңгейі 65 250 теңгені, ал әйелдерде – 51 768 теңгені құрайды. Сондай-ақ зейнеткерлердің күнкөріс деңгейі шілдеде 48 389 теңгеден тамызда 51 227-ге дейін өскен.
Айта кетейік, республикалық бюджет 2025 жылдан бастап зейнетақыны ұлғайтуды жоспарлап отыр. Базалық зейнетақы төлемдері ұлғайтылады және 2025 жылы ең төменгі базалық зейнетақы 47 700 теңгені құрайды, ал 2027 жылға қарай 55 145 теңгеге дейін өседі.
Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы бір жылда 12% өскенін жазғанбыз.