Тек 4-уі ғана қалды: Қазақстандағы ең таза өзендер анықталды
Сенат депутаты Қайрат Қожамжаров Қазақстандағы ең таза өзендерді атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сурет: pixabay.co
«Зерттеу қорытындылары бойынша, 139 су объектілерінің ішінен тек 4-уі ғана таза деп танылған. Олар: Жайық, Шароновка, Қиғаш, Қатты – Бұғұн өзендері мен Каспий теңізі», - деді Қайрат Қожамжаров Сенаттағы парламент отырысында су қауіпісізді туралы меселені көтеріп.
«Орта деңгейде ластанған» 102 су объектісінің ішінде – 68 өзен, 17 көл, 14 су қоймасы мен 3 канал бар.
«Ең жоғары ластануға» ұшыраған 16 өзен мен 14 көл.
«Аса қатты ластанғандар» қатарында 4 өзен бар: СҚО Красноярка, Ақсу, Қылшықты, Шағалалы және Ақмола облысындағы Майбалық көлі.
«Барлық жағдайда дерлік өндіріс орындарынан, шахта және кен орындарынан шығатын токсинді қалдықтар ластанудың басты себебі болып отыр», - деп түсіндірді Қайрат Қожамжаров.
Талқылау

Қазақстандық әйел шетелдік күйеуінің кесірінен 2 жасар қызымен табыса алмай жүр
Бүлдіршін ағылшын тілін білмейді, сондай-ақ жүрегі ауырады

500 миллиондық пәтер мен су жаңа көліктер ойнатуда: Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен