Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үкімет Қазақстандағы доллар бағамына қатысты болжам жасады

Фото: depositphotos.com

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстандағы доллар бағамына қатысты болжамын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бірінші вице-премьердің айтуынша, алдағы уақытта бұл көрсеткіш төмендеуі мүмкін.

"Менің және әріптестерімнің болжамы бойынша доллар бағамы төмендейді. Мұндай жоғары болмайды. Әртүрлі жағдайда оның тұрақтанғанын көрдік. Менің ойымша, ұлттық банк бұл үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды және нарықтың өзі де солай жұмыс істейді", – деді Скляр.

Скляр ұлттық банк мемлекеттік органдар жүйесіндегі дербес құрылым және үкіметке бағынбайтынын еске салды.

"Ұлттық банк мемлекеттік органдар иерархиясындағы жеке құрылым екенін түсіну керек. Ол үкіметке бағынбайды. Өдері қажет деп есептеген ақша-несие саясатын жүргізеді. Бұл дұрыс па, жоқ па, ұзақ уақыт таласуға болады, бірақ бұл қазірдің өзінде талқыланатын мәселе", – деді премьер-министрдің бірінші орынбасары.

Еске салсақ, айырбастау орындарында доллар 551 теңгеге жеткен еді. 

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 31 Шілде, 2025 12:45
Талқылау
`