Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы бензин ТМД бойынша ең арзан болып шықты

Биыл бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша Қазақстанда 2,6 мың тонна мотор отыны өндірілді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 1% аз. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Pixabay.com 

Маусымның соңында бензин бір жыл бұрынғыдан 2% қымбаттады. Оның ішінде АИ-98 бензині 19,2%, АИ-95/96 – 13,6%, АИ-92 – 0,1% қымбаттады. Маусымда АИ-92 маркалы бензиннің литрінің бағасы 202 теңге, АИ-95/96 – 253 теңге, АИ-98 – 292 теңге болды.

Өңірлер бойынша бензин бағасының өскені Алматыда байқалды, өсім жылына 4,1%. Одан кейін Батыс Қазақстан (жылына 3,5%), Атырау (3,2%) және Қарағанды ​​(3,2%) облыстарында бензин қымбаттаған. 

Ең аз жылдық баға өсімі Жамбыл облысында байқалды – 0,2%. Еліміздің 20 өңірінің 2-інде баға төмендеген: Қызылорда облысында 0,1%, Шымкентте 0,3%.

1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстандағы бензиннің құны 0,49 доллар, яғни 235 теңге. Алматы мен Астанада бензиннің орташа бағасы 0,5 долларға (240 теңгеге) тең.  Ең арзан бензин бойынша 95 елдің ішінде 6-орындамыз. Бұл – ТМД елдері арасындағы ең төменгі көрсеткіш. Ресей мен Әзірбайжанда бензиннің құны – 0,62 доллар, Беларусьте — 0,74 доллар, Өзбекстанда — 1,01 доллар, Украина — 1,31 доллар, Арменияда — 1,37 доллар.

Әлемдегі ең арзан бензин Ливанда, онда бензин бар болғаны 0,03 доллар немесе 14 теңге. Одан кейінгі орында Египет (0,26 доллар) пен Алжир (0,33 доллар).

Ең қымбат бензин Гонконгта (3,11 доллар), Сингапурда (2,14 доллар) және Швейцарияда (2,11 доллар) тіркелген.

Талқылау