Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Қазақстандағы автожолдарда қауіпсіздік үшін жолды тарылту әдісі қолданылмақ

Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігі тас жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жолды тарылту әдісін қолданбақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Министрлік мәліметінше, мұндай әдіс экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдер мен АҚШ-та қолданылады. 

"Трассаларда жол апаттарының жиілеуіне байланысты "Қауіпсіз жол" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында барлық автожолдарға талдау жүргізіліп, аса қауіпті учаскелер анықталды. Жолдың осы қауіпті бөліктерінде жаңа тәсіл – жолды тарылту әдісі енгізіледі", – делінген хабарламада. 


Қазақстанда жүргізушілердің орташа жылдамдығы қай автокөлік жолдарында есептеледі

Елімізде маңызды жеті жолға "суперасфальт" төселмек


Аталмыш әдісте тарылған жолда жүргізуші жылдамдықты автоматты түрде төмендетіп, мұқият болады. Бұл жүргізушілерге жолдың қауіпті аймағынан қауіпсіз өтуге мүмкіндік береді. Полиция қызметкерлері көлік жүргізіп келе жатқан адамның шаршамағанына және жолды жалғастыра алатынына көз жеткізу үшін қысқаша профилактикалық әңгіме жүргізеді.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда алғаш рет бір жолақпен екі бағытта жүруге болатын қозғалыс пайда болатыны туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 24 Сәуір, 2025 23:00
Талқылау