Қазақстандағы автосалондар енді жеке азаматтар үшін де лизинг шарттарын белгілейді

Фото: freepik.com
Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков Қазақстандағы автосалондар енді жеке адамдар үшін автолизинг шарттарын өздері белгілей алатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ішкі сауда ережелеріне енгізілген өзгерістер 10 қарашада күшіне енді. Мұнда енді азаматтардың жаңа көлікті жеке пайдалану үшін лизингке ала алатыны айтылған. Яғни кейін сатып алуына немесе кері қайтаруына болады. Проценттік мөлшерлеме мен мерзім сияқты коммерциялық шарттарды әр автосалон өзі белгілейді.
"Бұл рәсім азаматтық заңнамаға толық сәйкес келеді. Коммерциялық шарттарды ∓ пайызды, мерзімді – лизинг берушілер анықтайды. Әр автосалон өз лизинг шарттарын ұсынады", – деді Әбілдабеков.
Оның айтуынша, бағдарламаның қосымша тетіктерін Индустрия және құрылыс министрлігі пысықтайды.
"Бұл, ең алдымен, халыққа көлікті лизингке алу мүмкіндігін береді. Екіншіден – Қазақстанда шығарылған автомобильдердің сатылуын қамтамасыз етеді",– деп атап өтті ол.
Қазақстанда тұрғын үйлердің сапасын кім тексереді және өз үйінің қауіпсіз емес екенін білгендер қайда жүгіне алады