Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы ауылдарда сәбилердің өлімі 30%-ға өсті – Денсаулық сақтау министрі

Қазақстан ауылдарында сәбилер өлімі өсті. Бұл туралы мәжілістегі үкіметтік сағат кезінде Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

сәби өлімі

Денсаулық сақтау министрлігі талдау жүргізіп,  ауыл тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы қалалықтарға қарағанда жоғары екенін анықтаған.

"2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда орташа өмір сүру ұзақтығы – 70,23 жыл, қалаларда – 69,91 жыл, ауылдарда – 70,79 жыл. Алайда биылғы жылы ауылдық жерлерде сәбилер өлімі өткен жылмен салыстырғанда 30,6% - ға артты", - деді министр.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы ауылдағы балалар өлімі қаламен салыстырғанда 38,7%-ға төмен екенін атап өтті. Ажар Ғиният нәресте өлімі әйелдердің денсаулығына тікелей байланысты екенін түсіндірді.

Оның айтуынша, әйелдердің денсаулығын сақтау және балалардың денсаулығын нығайту үшін жүкті әйелдердің жеке және пәнаралық босанғанға дейінгі бақылаулармен қамтылуы ұлғайды, бұл көрсеткіш 82%-ды құрады. Жүктілікті ерте анықтау коэффициенті 11%-ға артып,  40%-ға жетті. Бұл жүктіліктің ықтимал асқынуларын уақытылы анықтауға және болжауға мүмкіндік береді.

Талқылау