Қазақстандағы әуе компаниялары билет құнының неге жоғары екенін түсіндірді
Азаматтық авиация комитетінің қызметкерлері мен нарық қатысушылары Қазақстандағы әуе қатынасының қымбаттығын сөз етті. Әуе компанияларының өкілдері билеттер құны неге жоғары екенін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметі.
Scat әуе компаниясы шығындардың негізгі бөлігі керосинге кететінін айтты: бұл 36%. Ал 12% әуежай қызметтерін төлеуге кетеді, 11% – әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету құны. Қалғаны – жалақы мен басқа да шығындар.
Әуекомпания өкілдерінің айтуынша, Қазақстанда билеттердің 80 пайыздан астамы ең төменгі тариф бойынша сатылған, ал бағалар пандемияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда төмендеген.
Өз кезегінде Азаматтық авиация комитеті заңнамаға өзгертулер әзірлеп жатқанын айтты. Сондықтан әуе тасымалдаушы тарапынан рейс кешіктірілсе, бірінші сағаттан кейін жолаушыға 3 пайыз көлемінде өтемақы төленеді. Төленбеген жағдайда айыппұл салынады.
“Әуекомпаниялар үшін рейстің кешігуі үлкен шығын. Кез келген компания үшін рейстің кешігуі ол үшін жақсы емес, сондай-ақ жолаушының зардап шеккенін қаламайды”, – дейді "Эйр Астана" АҚ кірістерді басқару жөніндегі вице-президенті Ерболат Байсалықов.