Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы алғашқы АЭС-ке атау беру бойынша конкурс аяқталды

Фото: istockphoto.com

Қазақстанда елдегі алғашқы атом электр станциясына (АЭС) атау беру бойынша байқау аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Байқауға 27 мыңнан астам адам қатысқан.

Атом энергиясы жөніндегі агенттігі “мұндай белсенділік азаматтардың атом энергетикасының дамуына жоғары қызығушылық танытып отырғанын және ел үшін маңызды жобаны жүзеге асыруға жеке үлес қосуға дайын екенін көрсететінін” атап өтті.

Қазір келіп түскен ұсыныстарды іріктеу және өңдеу процесі басталған.


Алматы облысында екі АЭС, тағы біреуі Батыс Қазақстан облысында салынады

Қазақстандағы болашақ АЭС-тің қауіпсіздігін кім қамтамасыз етеді


“Алғашқы кезеңде мамандар барлық нұсқаларды талдап, жүйелеу жұмыстарын жүргізеді және жиынтық есеп дайындайды. Кейін материалдар Конкурс комиссиясының мүшелері тарапынан қаралады. Қорытынды кезеңде қазан айының соңында, комиссия отырысы өткізіліп, алғашқы АЭС-ке үздік атау таңдалады”, – делінген хабарламада. 

Байқау 2025 жылғы 25 қыркүйекте сағат 12:00-де eGov Mobile мобильді қосымшасында басталған еді.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда алғашқы АЭС-ке атау беру үшін жалпыхалықтық конкурс өтетіні туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Сенбі, 11 Қазан, 2025 17:01
Талқылау