Қазақстандағы алғашқы АЭС: Франция бірлескен жобаға дайын екенін мәлімдеді
Қазақстан мен Франция Қазақстандағы атом энергетикасын дамыту перспективаларын талқылады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

2023 жылғы 2 мамырда ҚР энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев сыртқы сауда, экономикалық тартымдылық және шетелдегі француз азаматтары мәселелері жөніндегі Франция республикасының делегат – министрі Оливье Бештпен кездесті.
“Кездесу барысында министрлер өз үкіметтерінің энергетикалық ауысу және жаһандық жылынуға қарсы күрес саласындағы міндеттемелерін қозғап, жаңартылатын энергия көздерін дамыту Қазақстан мен Франция арасындағы экономикалық қатынастарды нығайта отырып, көміртексіздендіру кешенді мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ететінін атап өтті.
- Үлкен ауылында салынады деп жоспарланған АЭС-ке қатысты қоғамдық тыңдаулар ақпан айының соңында өтілмек
- "Жобаны салуға 8 жыл уақыт кетеді": Премьер-министр қазақстандықтарды АЭС-тен қорықпауға шақырды
Сондай-ақ министрлер осы ынтымақтастықтың негізін қалайтын "Мирный" жобасындағы (Мирный кентінде 1 ГВт ЖЭС салу жөніндегі жоба) соңғы ілгерілеулерді, атап айтқанда, 2023 жылғы 29 сәуірде ҚР Энергетика министрлігі, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ және "TotalEren" арасында қол жеткізілген келісімді құптады”, – делінген энергетика министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Сонымен қатар кездесу барысында Қазақстанда атом энергетикасын дамыту перспективалары талқыланды. Француз тарапы Қазақстанда бірінші АЭС салу жобасын іске асыру, сондай-ақ шағын модульдік реакторларды дамыту перспективаларын зерделеу бойынша ынтымақтастыққа дайын екенін білдірген.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ауқымды "Мирный" жобасын іске асыру шеңберінде электр энергиясының тарифіне қатысты қол жеткізілген уағдаластықтар бойынша бірлескен мәлімдемеге қол қойды.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған