Қазақстандағы ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы 494 теңгеден асты
Қазақстандағы ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы 494 теңгеден асты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күн сайынғы сауданың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,48 теңгеге көтеріліп, 489,06 теңге болды.
Ұлттық банкте 9 қазандағы доллардың ресми бағамы 486,44 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазір Алматыдағы ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 491,5 теңге, ал сату бағамы 494,3 теңге болды. Астанадағы ақша айырбастау орындарында долларды орта есеппен 488 теңгеден сатып алып, 493 теңгеден сатылып жатыр.
Еске салсақ, 8 қазан күні доллар бағамы KASE нарығында 486 теңгеге жеткен еді.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі