Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"79 миллиард теңге": Қазақстандағы ақылы жолдан түсетін қаражат қайда кетеді

Қазақстандағы ақылы жолдан түсетін қаражат қайда кетеді Фото: “ҚазАвтоЖол” АҚ

Бүгінгі Үкімет отырысында “ҚазАвтоЖол” АҚ Басқарма төрағасы Дархан Иманашев биыл ақылы автожолдардан қанша ақша жиналғанын және оның инфрақұрылымын дамыту бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Дархан Иманашевтың айтуынша, биыл 1,7 мың шақырым ұзындықтағы 9 жаңа жол учаскесі іске қосылған. 

“Осылайша, ақылы жол учаскелерінің саны 26 бірлікке жетіп, жалпы ұзындығы 4,9 мың шақырым болды. Биыл 11 ай ішінде жолдан өткен көліктерден 79 миллиард теңге қаржы жиналған”, — деді “ҚазАвтоЖол” АҚ Басқарма төрағасы.


Қазақстанда ақылы жолдарда жылдамдықты асырған көліктердің деректері тіркеледі


Қазақстанда ақылы жолдармен жүру тарифін төмендету ұсынылды


Оның сөзінше, бұл қаражат 4,9 мың шақырым ұзындықтағы 26 ақылы учаскенің қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарына және төлем жинау инфрақұрылымын күтіп ұстауға жұмсалады. Сондай-ақ соңғы жылдары шамамен мың жол-эксплуатациялық техникасы сатып алынған. Инвестордың шығындары мен басқа әкімшілік шығындар да осы қаражаттан алынады.

Еске салайық, бұған дейін 2026 жылдан бастап Үлкен Алматы айналма жолында жүру ақысы қымбаттайтыны туралы жазған едік.

STAN.KZ
Сейсенбі, 09 Желтоқсан, 2025 16:20