Қазақстандағы АЭС-ті кім салатыны қашан анықталады: Министрлік жауап берді
Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Қазақстанда АЭС салатын компанияны таңдау бойынша шешім қашан қабылданатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: depositphotos.com
Вице-министрдің айтуынша, АЭС құрылысын кім жүргізетіні бірінші жартыжылдықтың соңында белгілі болады.
"Министрдің басшылығымен барлық әлеуетті елдерге барып қайттық, тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Үміткерлерге қойылатын талаптардың тізімі жасалды. Қазіргі уақытта олардан кері байланыс алудамыз. Бірінші жартыжылдықтың соңында осы жұмыстардың қорытындылары шығарылып, алдын ала нәтижелер жарияланады. Бірінші жартыжылдықтың соңында АЭС салатын компания анықталады, — деді вице-министр үкіметтегі брифингте.
Тоқаев АЭС құрылысын жеделдетуді тапсырды
Еске салсақ, бұған дейін энергетика министрлігі еліміздегі АЭС құрылысы шетелдік несиелер есебінен салынатынын мәлімдеген еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген