Қазақстандағы 14 футбол клубтың бесеуі жекенің қолына өтті
Фото:Kazinform
Қазақстандағы 14 футбол клубтың бесеуі жеке кәсіпкерлердің иелігіне өтті. Тағы екі клубпен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұны туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев хабарлады.
Сондай-ақ Серік Жарасбаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан футбол клубтарын жекешелендіру туралы тапсырмасын 2026 жылғы наурыз айына дейін орындау жоспарланып отырғанын айтты.
"Ірі компаниялар қызығушылық танытып, жұмыс басталғанын білесіздер. Клубтарды жекешелендірумен қатар, оларға балалар академияларын ашу міндеті қойылды", – деді вице-министр.
Айта кетейік, бұған дейін Астаналық "Жеңіс" клубын Kaspi.kz компаниясының басшысы Михаил Ломтадзе сатып алды. "Шахтер" клубының жаңа иесі – кәсіпкер Тимур Турлов. Петропавлдың "Қызылжар" командасы Сергей Канға тиесілі болды. Ал "Ақтөбенің" жаңа басшысы – Qazaq Stroy компаниясының жетекшісі Нұрлан Артықбаев. Қызылордалық "Қайсар" клубын 30 қазаннан бастап ресми түрде "TAU Group LTD" компаниясының басшысы Исламғали Қозыбақов басқармақ.
Алматы әкімдігі тұрғындардың наразылығын тудырған эстакадаға қатысты суретке түсініктеме берді