Қазақстанда зорлық-зомбылыққа шақыратын әндерге тыйым салынбақ
Фото: Ru.freepik.com
Егер ән мәтінінде зорлық-зомбылыққа шақыратын сөздер болса, Қазақстанда “алып қашу” туралы әндерге тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов министрліктің үкімет сағатынан кейін журналистерге сұхбат берді.
Министрге Мәдениет министрлігіне алып қашу туралы сөздерді әндерден алып тастау жөнінде ұсыныс туралы сұрақ қойылды. БАҚ өкілдерінің пікірінше, қалыңдық ұрлау ісі қылмыс деп танылғаннан кейін мұндай әндер насихат ретінде қарастырылуы мүмкін.
“Менің ойымша, егер ол әннің мазмұнында, сөздерінде зорлық-зомбылыққа немесе сондай әрекеттерге шақыру болса, онда біз оны қарастырамыз. Бірақ әзірге ондай әндерді естіген жоқпын”, — деді Ержан Сәденов.
Қазақстанда некеге мәжбүрлеп, қыз алып қашқандар 10 жылға дейін сотталады: Заң күшіне енді
Қарағанды облысында мектеп мұғалімі қызды ұрлап, ауылына алып кеткен
Бұған дейін Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов мемлекеттік арнада алып қашуды насихаттайтын әндердің көрсетіліп жатқанын сынға алған еді.

"Қанды Қаңтар" алдында газ бағасын көтеруді қолдаған мұнай сарапшысы тағы сынға қалды: Енді жолақыны қымбаттатуды ұсынды
