Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жоғары сынып оқушыларын жұмысшы мамандықтарына тәжірибемен дайындау басталады

Оқу-ағарту министрлігі Ғани Бейсембаев Қазақстанда мыңдаған мектепте жұмысшы мамандықтарына дайындық бойынша бейіндік сыныптар пайда болатынын мәлімдеді. Ол үшін кәсіпорындар мен колледждермен ынтымақтастық жасалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Үкіметтегі отырыс барысында министр жұмысшы кәсіптер жылына арналған іс-шараларды ұйымдастыру жоспарын әзірлеп, бекіткенін жеткізді. 

"Үкімет жанынан жұмысшы мамандықтар жылын өткізу жөніндегі комиссия құрылды. Техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялаудың жол картасы қабылданды. Барлық 20 өңірде жұмысшы кәсіптерінің беделін және кадрлар даярлау сапасын арттыруға, жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды күшейтуге бағытталған жоспарлар бекітілді", – деді министр.

Сондай-ақ Бейсембаев жоспар аясында елімізде кәсіби бағдарлаудың жаңа тұжырымдамасы іске қосылатынын алға тартты.

"Осы бағыттағы жұмысты жүйелі дамыту үшін өңірлердің кадрларға қажеттілігін ескере отырып, барлық аймақта "жаңа кәсіптер атласы" әзірленеді. Кәсіптік бағдар беру жұмысының жаңа тәсілдері оқушыларға еңбек нарығындағы жаңа талаптар туралы білуге, экономиканың нақты салаларындағы мансаптық перспективаларды бағалауға, мамандықты дұрыс таңдауға мүмкіндік береді", — деп толықтырды Бейсембаев.



Министр мектептердегі күшейтілген кәсіптік бағдар беру қызметі оқушыларды "дұрыс диагностикамен" толық қамтуға мүмкіндік беретінін жеткізді.

"Кәсіпорындар мен колледждердің ынтымақтастығымен мың мектепте бейіндік сыныптар ашылады. Жоғары сынып оқушыларын практикалық дағдыларға және колледждер базасында алғашқы жұмыс кәсібіне оқыту тәжірибесі енгізіледі", — деп қорытындылады ол.

Талқылау