Қазақстанда жиһаз бағасы едәуір қымбаттады
Қазақстанда жиһаз қымбаттауда. Бір жыл ішінде бағалар 25-30%-ға дейін өскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Energyprom порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Ең бастысы, жиһаз сегментінде жатын бөлмеге арналған жиынтықтар бірден 28%-ға қымбаттады.
Киімдерге арналған шкафтардың бағасы 27,7% — ға, үстелдер 23,9%-ға, диван төсектері 23,2% — ға, орындықтар 21,9% — ға өсті.
ҚР өңірлері арасында жиһаз бен тұрмыстық заттардың жылдық ең жоғары қымбаттауы Астанада байқалды: бірден 53,1%-ға көтерілген. Одан кейінгі орындарда Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары тұр: тиісінше 41,6% және 39,4%.
Елдің шығысы мен батысында да бағалар көңіл көншітпейді. Тек Маңғыстауда өсім 8%-ды ғана құрап отыр. Одан кейінгі орындарға Павлодар және Жамбыл облыстары жайғасқан.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"