Қазақстанда жемқорлықпен сотталғандарға депутаттық сайлауға қатысуға тыйым салынбақ

Конституциялық реформа комиссиясының отырысында сенатор Нұрлан Бекназаров жемқорлықпен сотталғандарға депутаттық сайлауға қатысуға тыйым салу туралы ұсыныс айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сенатордың айтуынша, сайлау мен референдумдарға сот шешімімен әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтар, сондай-ақ қамауда жазасын өтеп жатқан адамдар қатыспауы тиіс.
Сонымен қатар Нұрлан Бекназаров мынандай ұсыныс айтты:
- Жазасы жойылмаған немесе өтелмеген азаматтар;
- Сот арқылы жемқорлық қылмысына кінәлі деп танылған тұлғалар депутаттыққа сайлана алмайды.
Сенаторрдың пікірінше, бұл норма қоғамдық сұранысқа жауап береді және мемлекеттік лауазымға сайлануға ниетті үміткерлерге қойылатын талаптарды күшейтуге бағытталған.
- Биліктің жаңа моделі: Қазақстанда вице-президент пен Құрылтайдың міндеті қандай болмақ
- Қазақстанда Вице-президентке қандай өкілеттік берілетіні айқындалды
Бұған дейін депутат қандай жағдайда Құрылтайдағы мандатынан айырылатыны туралы жазған едік.