Қазақстанда кей студенттерге оқу орнын ауыстыруға тыйым салынбақ
Фото: Pixabay.com
Қазақстанда "әлеуметтік балл" енгізу аясында кей студенттерге жоғары оқу орнын ауыстыруға тыйым салынбақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Басқа ЖОО-ға ауысу үшін студенттің академиялық қарызы болмау қажет.
"Бұйрық жобасына мынадай өзгерістер енгізу жоспарланып отыр: 1, 17, 18, 23, 24, 29, 30, 32, 46, 50, 65-тармақтарына редакциялық түзетулер енгізу, сондай-ақ 30 бен 35-тармағына жасанды интеллектке қатысты талаптарды қосу көзделген. Академиялық қарыз болған жағдайда білім грантын басқа ЖОО-ға аударуға болмайды", – делінген ғылым және жоғары білім министрлігінің бұйрық жобасында.
Шетелде оқитын қазақстандық студенттер мемлекетке салық төлеуге тиіс
Мемлекеттік грант бойынша білім алған студент 2,5 миллион теңге оқу ақысын қайтаруға міндеттелді
Құжатқа сәйкес, 40-тармаққа оқу жетістіктерімен қатар студенттің қоғамдық, ғылыми, волонтерлік, спорттық және мәдени іс-шараларға қатысуын ескеретін әділ және объективті бағалау жүйесін құру туралы ережені енгізу ұсынылады. Ал 55-тармаққа жоғары оқу орындарындағы тәрбие жұмысына қатысты ережелерді енгізу жоспарланды.
"Бұйрық жобасының мақсаты – студенттердің қоғамдық өмірге және волонтерлік қызметке қатысу дәрежесін анықтау үшін әлеуметтік орташа баллды енгізу. Студенттердің оқу жетістіктерінен бөлек олардың қоғамдық белсенділігі, ғылыми-зерттеу дағдылары, облыстық және республикалық деңгейдегі волонтерлік қозғалыстарға қатысуы ескеріледі", –делінген құжатта.

"Суды артық пайдаланса, тариф 30% қымбаттайды": Қазақстандықтар су нормасы туралы жаңа ережеге қарсы шықты
